16 шілде Павел Васильевтің еске алу күнінде
Мұражай-үйде вечер «В скитаниях дальних сердцем не остынь…» атты ақындық кеш өткізілді. Бұл күні танымал ақын-жерлесіміздің шығармашылығын бағалап, сүйетіндер жиналған еді. Қонақтарға ақын сапар шегіп, өз шығармашылық ізін қалдырған Қазақстан мен Ресейдің қалаларын еске алу ұсынылды. Шара барысында ақын қызы Н.П. Васильеваның өлең оқу үрдісінің бейнеүзінділері, сонымен қатар, «Новый театрдың» әртісі Н. Маеваның (Мәскеу қ.) өнер көрсетілімі, Павел Васильевтің өлең жолдарына жазылған «Так мы идем с тобой и балагурим», «Снегири» өлеңдерінің бейнебаяндары ұсынылды.Шара соңында, ақын О. Григорьева мен ақын Т. Окольничья П. Васильевтің шығармашылығынан өздерінің сүйікті өлеңдерін оқыған болатын.Мұражай-үйде П. Васильевтің туындыларын қамтушы журналдардың түпнұсқалары, Мұражай-үй қорларынан алынған құжаттар, сонымен қатар, біздің Мұражай-үйдің қорларына соңғы кезде жаңадан түсіп жатқан жәдігерлер ұсынылған «Посулила жизнь дороги мне ледяные...» атты көрме ресімделген еді.
