16 шілде – 20 ғасырдың даңқты ақынын, қазақ даласының баласы П. Н. Васильевті еске алу күні.
37-ші жылдың жүректі суытқан шілденің бір күнінде тергеулерден қиналып, қажыған, десе де беті қайтпаған ақынды «халық жауы» ретінде ату жазасына кесті. Қаза болғаннан кейін 20 жыл бойы оның поэзиясына тыйым салынып келді. Тек, 1956 жылдан бастап, ақтаудан соң, ол бірте-бірте халыққа орала бастады, «заман қанына боялған» өлеңдер қаза болмады, ізсіз ғайып болмады. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада ақын-жерлесімізді еске алу кеші өткізілді.
