16 қараша күні № 10 кітапханада тілші, әдебиеттанушы, ақын С.А. Музалевский мен ақын М.Г. Динерштейннің 85-жылдықтарына арналған «Я жадно жег костер души…» атты ақындық сағаты өтті.
16 қараша күні № 10 кітапханада тілші, әдебиеттанушы, ақын С.А. Музалевский мен ақын М.Г. Динерштейннің 85-жылдықтарына арналған «Я жадно жег костер души…» атты ақындық сағаты өтті. Ерекше ынта мен ұйымдастырушыларға деген шексіз алғыспен шараға жесірі З.М. Музалевская қатысқан болатын. Филолог пен әнтанушы, шығармашылық пен сындарды зерттеуші, публицист Н.Г. Шафер, сазгер М.Н. Пульга, П. Васильев атындағы Әдеби бірлестік мүшелері мен №17 ЖОБМ 8А сынып оқушылары сынды қонақтар қатысқан еді. Қонақтар П. Васильевтің Мұражай-үйі қорларынан ұсынылған С.А. Музалевский мен М.Г. Динерштейннің сирек фотосуреттерін тамашалап, Н.Г. Шафер сақтап жүрген, ақындардың дауыстары жазылған жазбаларды тындады. М.Н. Пульга С.А. Музалевскийдің өлең жолдарына жазылған ән жазбаларын ұсынған еді. Кездесу ақындар жайлы қызықты оқиғалар мен жылы жылы сөздерге толы болды.