16 ақпанда Пока идут старинные часы» көрмесі өз жұмысын бастады!
Тұңғыш келушілері болып № 9 ЖОБМ-гимназиясының оқушылары атанды. Көрме тұсаукесеріне эпиграф ретінде біз келесі ойды таңдадық: Уақыт екпінді әрі қайсар және ерекше күшке ие болса да, ол естелік, махаббат пен классикалық әуенге әмірсіз. № 11 ЖОБМ 1 сынып оқушысы София Боджекоглу өзінің ұстазы Л.Д. Давыдовамен бірге бұған дәлел. Олардың орындауында С. Рахманиновтың пьесалары, Е. Юрьевтің "В лунном сиянии" әні шырқалды.
