Павел Васильевтің
Музей-үйі
каз

13 қараша күні бір жәдігер көрмесінің тұсаукесері өтті -

13 қараша күні бір жәдігер көрмесінің тұсаукесері өтті - 1948 жылғы басылым, «Нотная азбука» атты балалар кітапшасы. Тұсаукесер ҚХА Жаңғыру мектебінің орыс сыныбының тәрбиеленушілеріне арнап Шафер Музей-үйімен бірлесіп өткізілген болатын. Кітап авторы – жазушы, ақын және аудармашы – Н. П. Кончаловская. Оған, «Жарқын Натальяға», П. Васильев өз махаббат лирикасының жауһарын арнаған еді. Ал кітапты бізге басқа Наталья – Маева, Мәскеу қ. Жаңа драма театрының әртісі сыйға тартты. Наталья Григорьевна П. Васильевтің поэзиясын сүйіп оқып, оны Ресейде де, шетелдер де: Англия – Кембридж университетінде, Оксфордта, Пушкин үйінде; Братислава – Ресейлік ғылым мен мәдениет орталығында ақындық кештерде оқиды.Н. П. Кончаловская жайында әңгіме оның П. Васильев, Э. Пиаф туралы естеліктері мен ой-толғауларымен және П. Васильев туындыларының бейнеүзінділерімен сүйемелденді.Әлбетте, «Нотная азбука» тұсаукесері музыкасыз өте алмас еді. Кітапшада жинақталған пьесалар мен әндер, мектеп ұстаздары мен тәрбиеленушілерінің орындауда шырқалған болатын.