1 сәуір – Халықаралық құстар күні Павел Васильевтің музей-үйінде оның поэтикалық жинақтарынан «қанатты» жолдар қалықтап, туған Ертіс өңіріміздің құстары жырланды.
Халықаралық құстар күніне арналған қызықты кездесу балаларға белгілі бір тақырыпқа жазылған шығармаларды қалай мұқият оқуға және айналасындағы табиғатты бақылауға болатынын көрсетті. Сонымен қатар, олар құстарды бейнелеуге арналған импровизацияланған «фотоаңшылыққа» белсене қатысты.
Фотограф Каримжан Жакенов жыртқыш құстар – қаршығалар, бүркіттер, қырандар, шағалалар мен сұңқарлар түсірілген фотосессиялар кезінде орын алатын таңғажайып оқиғаларымен бөлісті.
Композитор Лариса Лобченко мен ақын Ольга Григорьева құстар туралы өлеңдерін оқыды.
Осындай шағын жаңалықтардан үлкен оқиғалар мен саяхаттар бастау алады.