1-27 маусым – «Путешествие по старому дому» интерактивті сұхбаттары.
Жазғы мектеп лагерьлері үшін П. Васильевтің Мұражай-үйі балалар 20 ғасыр басының атмосферасына үніліп, өздерін сол кезде жүргендерін сезіну үшін «Путешествие по старому дому» атты интерактивті сұхбат өткізеді. Шара қолда ұстап, жақынырақ танысуға мүмкіншілік беретін ескі Павлодардың сирек фотосуреттері, ескі заттар мен көне зат пен бұйымдар тарихы туралы бейнеүзінділерге толы. Сұхбат ойын ретінде өткізіледі, балаларға Мұражай-үйдің қонақ бөлмесінде жауабын таба алатын жұмбақтар беріледі.
